"Қазгидромет"РМК-ның синоптиктері Қазақстан бойынша 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мәселен, Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым өрісінің ықпалында болады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с болады.
Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.