Кейінгі кезде пойыздар неге жиі кешігіп келеді?
Кейінгі кезде пойыздар неге жиі кешігіп келеді?
Фото: yandex.kz
361
оқылды
Кейінгі уақытта жолаушылар пойызы жиі кешігеді. «Жолаушылар тасымалының» басшысы себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Жолаушылар тасымалының» бас директоры Жәнібек Тайжанов: «Пойыздардың кешігуінің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қыста ауа райының қолайсыздығы әсер етеді. Екіншіден, елді мекендерді қиып өтетін теміржол учаскелеріне байланысты, кейде теміржол уақытша жабылады. Үшіншіден, теміржолды жөндейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарлы жөндеу жүргізіледі», – деді.
Бұған дейін пойыз жол бойындағы апат туралы жазған болатынбыз.