«Әрқайсысыңыз еліміздің мақтанышы және болашағысыздар. Мемлекет балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, зияткерлік мүмкіндігін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатыр. Сіздерге толағай табыстар тілеймін», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.Еске сала кетсек, 3 желтоқсан күні Жайық өзенінде мұз жарылып, 9 және 14 жастағы екі бала суға кете жаздаған болатын. Сын сағатта 8 жастағы Дінмұхаммед балаларға көмекке келіп, оларды құтқарып қалған еді. Атырау қаласындағы №3 мектептің 3-сыныбында оқитын Дінмұхаммед Серікұлының ерлігіне дүйім ел тәнті болды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА