Ақмола облысындағы тасжолда 5 көлік соқтығысты
Ақмола облысындағы тасжолда 5 көлік соқтығысты
251
оқылды
«Астана-Петропавл» тасжолында 5 көлік соғылып, екі жолаушы зардап шекті. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 желтоқсанда «Астана-Петропавл» тасжолының 90-шақырымында ірі жол апаты болған. «Анықталғандай, Астана бағытында жүріп келе жатқан Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны басқарған «Тойота Прадо 150» автокөлігі алда жүріп бара жатқан «КамАЗ 5320» жүк көлігімен соқтығысты. Жүк көлігін Шортанды ауданының 41 жастағы тұрғыны басқарған. Кейін бұларға «Тойота Камри», «Хюндай Элантра», «Порше Панамера» автокөліктері келіп соқтығысты. Жол апаты салдарынан «Хюндай Элантра» автокөлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Ақкөл қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», – деді ведомстводан. Осы жол апатына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.