Жиі кездесетін фамилия
Жиі кездесетін фамилия
501
оқылды
Ұлттық статистика бюросы қызық дерек жариялады. Бюро елімізде ең жиі кездесетін фамилиялар тізбесін жасаған. Қазақстанда Ахметов (а) фамилиясы бар 66 091 адам тұрады. Рейтингтегі екінші орында Серік (45 193) фамилиясы бар. Үздік үштікті қорытындылайтын Омаров (а) тегі. Қазақстанда бұл фамилиямен 40 322 адам тіркелген. Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142. Әлиев(а) тегі де топ-5-ке кірген. Елімізде мұндай тегі бар 35 387 адам тұрады. Бұдан әрі көп таралғандардың ішінде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 фамилиясы бар. Жалпы, 2022 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны – 19 715 782 адам.

А.ЖОЛДАС