Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, 30 млн теңгесінен айырылып қалды
Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, 30 млн теңгесінен айырылып қалды
346
оқылды
Ақмола облысының тұрғыны «Go-Coin» сауда алаңында кибералаяқтардың арбауына түсіп, 30 миллион теңгесінен айрылып қалды. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кибершабуылдар гипноз және NLP әдістерін қолданады, яғни адамдар не болып жатқанын тиісті түрде бағалай алмайтындығын пайдаланады.
– «Ақмола облысында тұратын әйел YouTube қосымшасында «Халық банкі» және «ҚазМұнайГаз» платформаларында ақшалай қаражатты тиімді инвестициялау туралы хабарландыруларды көрген. Артынша осыған қызығушылық танытқан әйел өзінің нөмірін листингке қалдырады, кейін оған белгісіз ер адам қоңырау шалып, инвестициялық алаңда қосымша табыс табу үшін банктік шотына ақша аударуды сұраған. Осылайша зардап шегуші әйел алаяқтардың арбауына түсіп, бір айда сауда алаңының есеп-шотына шамамен 30 миллион теңге ақшасын аударған. Ол бұл ақшаның біразын достары мен туысқандарынан алса, енді біразын түрлі банктерден несиеге алады. Кейінірек ақшасын алмақшы болғанда, түрлі кедергілер алдынан шығып, әйел алаяқтар алдап соққанын бірақ-ақ білген», – дейді ведомство.