Ақмола, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды
Ақмола, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды
5,405
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстік аймақтарда қалың тұман сейілмей, жол қозғалысы қиындады. Соның салдарынан қазір Нұр-Сұлтан – Қарағанды бағытындағы автобанда шектеу қойылды. Яғни, жүк және қоғамдық көліктер қаладан шығарылмайды. Ал, Шығыс Қазақстан обылсында Өскеменнен Серебрянскке қарай апаратын жол жабық. Төтенше жағдай қызметінің мамандары алыс жолдарға шықпауға кеңес береді.