Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр
Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр
456
оқылды
Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт үш күннен бері іздестіріліп жатыр. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 21 жастағы Фархат Кәкимуллиев 21 желтоқсан күні шамамен сағат 22.00-де Деркөл кенті Б.Майлин көшесі 15-мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан үйіне оралмаған, жұмыс істемейді. Туыстары 24 желтоқсанға қараған түні полицияға арыз түсірген. Белгілері – бойы 165-170 см, арықша келген. Үстіне қара пальто, қара баскиім (фуражка), сұр джинсы, аяғына қара түсті бәтеңке киген. Өзінде 8-706-820-20-01 нөмірлі ұялы телефоны болған.
«Көрген-білген адамдар болса, 102, 8-711-2-98-45-30 телефонына қоңырау шала алады», - деп хабарлады ведомстводан.