Шыңжаңда кен ошағы құлап, 18 адам үйінді астында қалды

Шыңжаңда кен ошағы құлап, 18 адам үйінді астында қалды

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАР) алтын шахталарының бірі опырылып, салдарынан 18 адам үйінді астында қалды. Бұл туралы жексенбі күні жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Синхуа агенттігі хабарлады. Апат сенбі күні сағат 13.40-та Қытайдағы ШҰАА-ның Іле қазақ автономиялық ауданындағы Инин уезінде болды. Төтенше жағдай кезінде барлығы 40 адам жерастында болған. Құтқару операциясының нәтижесінде 22 адам шығарылды, тағы 18 адам құрсауда қалып қойды. Қазір оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр.