Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургтегі Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді.
Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды, – деп хабарлайды БОРТ№1 Telegram каналы.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейдің Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барғанын жазған болатынбыз.