19 вагон рельстен шықты
19 вагон рельстен шықты
737
оқылды
Қарағанды–Ақадыр учаскесінің Қарабас стансасында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. «Қазақстан темір жолы» мәліметінше, оқиға 28 желтоқсанда 07.45-те болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша вагондардың жолдан шығып кетуі жекеменшік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Бұл жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылған. Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана стан­цияларының үш қалпына келтіру пойызы тар­тылды.