Магистратураның грантын иеленгендердің тізімі жарияланды
Магистратураның грантын иеленгендердің тізімі жарияланды
Фото: yandex.kz
376
оқылды
2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және Қазақстан Студенттер альянсының өкілдері кірді. Магистратураға қысқы конкурстың қорытындысы шығарылды. 26 желтоқсанда Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Отырыста комиссия конкурсқа қатысушылардың барлығының тестілеу нәтижелерін олардың балдарына сәйкес қарады. Кешенді тестілеу 28 қараша-1 желтоқсан аралығында компьютерлік форматта өтті. Магистратурада білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 6-12 желтоқсан аралығында жүзеге асты. Білім беру гранттарын беру конкурсына барлығы 2 029 адам қатысты. Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу сертификаттарының балдарына сәйкес конкурстық негізде берілді. Отырыс қорытындысы бойынша 1 774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды, оның ішінде  бейіндік магистратура бойынша 100 грант. Оқуға қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу  ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады. Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ Telegram арнасы арқылы танысуға болады.