Астана тұрғыны әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды
Астана тұрғыны әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды
Фото: 24.kz
Астаналық ер адам әйелін ұрғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.  Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері тұрмыстағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Мәселен, Алматы ауданы ПБ учаскелік инспекторына 42 жастағы әйел жүгініп, оның 48 жастағы жұбайы мас күйінде оны ұрып-соққанын хабарлады. Белгілі болғандай, сол күні әйел өзінің келе жатқан туған күнін достарымен атап өткен және үйіне өте кеш келген. Мас күйде болған күйеуі жұбайының кішкене ішімдік ішкенін көріп, үйде жанжал шығарған және әйелге дене жарақатын салған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, сондай-ақ құқық бұзушының мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талап қойылды, оған сәйкес құқық бұзушының жәбірленушінің еркіне қайшы оның өзімен, отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерімен байланысқа шығуға, іздеуге, баруға, аңдуға, ауызша не телефон арқылы сөйлесуге және басқа да тәсілдер арқылы байланысуға құқығы жоқ.