"1,1 млн қазақстандық несиесінен құтылады": вице-министр кімдердің қарызы кешірілетінін айтты
"1,1 млн қазақстандық несиесінен құтылады": вице-министр кімдердің қарызы кешірілетінін айтты
© arasha.kz
15,539
оқылды
Қазақстанда 1,1 млн адам банкроттық туралы заңның көмегіне жүгініп, несиесінен құтылуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, – деп хабарлады Halyq Uni.
«Бүгінде (банкроттық туралы – авт.) заңның көмегіне жүгінетін адамдардың саны 1 млн 170 адамға дейін жетуі мүмкін. Оның ішінде, 31 мың адам сот процедурасымен өзін банкрот деп тануы ықтимал. Сондай-ақ арнайы әлеуметтік төлем алатын 37 мың адам  осы заңның аясында банкрот деп танылуы мүмкін. Бұл процедураға жүгіну-жүгінбеу азаматтың өз еркінде. Біз қарызы бар адамдарға сотқа барыңыз деп үгіттей алмаймыз. Ол әр азаматтың салмақты ойланып қабылдаған шешімі болуға тиіс. Себебі  оның үлкен салдары бар», – деді вице-министр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Айта кетейік, бүгін Сенат банкроттық туралы заң жобасын қабылдады.