Елордада ақша айырбастау орнын тонаған ер адам видеоға түсіп қалды
Елордада ақша айырбастау орнын тонаған ер адам видеоға түсіп қалды
302
оқылды
Полицияға елорданың 23 жастағы тұрғыны, белгісіз адамдардың күндіз 5 мың доллар көлемінде ақша ұрламақ болғаны туралы арызданды, деп хабарлайды  Polisia.kz. Аталған факті бойынша Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полицейлер «Daewoo Lacetti» маркалы автомашинасын анықтады. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында 54 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында сегіз патроны бар газды тапанша, тапанша түріндегі оттық және медициналық қара маска тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-делінген хабарламада.