Жаңа жылдың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Жаңа жылдың алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
© azattyq-ruhy.kz
419
оқылды
«Қазгидромет» РМК 31 желтоқсан-2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Атлант циклоны мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, боран, екпінді жел соғады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады», – дейді синоптиктер.
1 қаңтарда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ауа температурасы түнде батыста 1-6 градус аяздан 2-3 градусқа дейін аздап жоғарылайды. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында 5-20-дан 10-25 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 0-10 градустан 3-15 градус аязға дейін төмендейді.