1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын елден әкетудің жаңа ережелері іске қосылады
1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын елден әкетудің жаңа ережелері іске қосылады
1 қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан аумағынан әкетудің жаңа ережелері іске қосылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылдың 1 наурызы аралығына ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулерін енгізді. - 60 000 бас бұқашықты Қазақстанның аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге; - 120 000 бас еркек тоқтыны Қазақстанның аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге. 1) 12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қою үшін сандық лимит 60 000 басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас, ал тауар өндірушілер үшін – 30 000 бас. 6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит 120 000 басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас, ал тауар өндірушілер үшін – 90 000 бас. 2) Қазақстанның аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін   200 бастан аспайды. Қазақстанның аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1 000 бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін  500 бастан аспайды.