Қызыл кітапқа енген балықты аулаған браконьер ұсталды
Қызыл кітапқа енген балықты аулаған браконьер ұсталды
© сурет интернеттен алынды
1,169
оқылды
Форт Шевченко тұрғынының гаражынан 500 келіден астам бекіре тұқымдас балық табылды, - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 
Қызыл кітапқа енген балықтың саны  219 дана, салмағы 500 келіден астам.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 339 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, 5 жылға дейін белгілі бір лауазымды иемденуге және белгілі бір қызметпен айналысу құқығы шектеледі. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметінше,  Каспий теңізіндегі бекіре балықтары жоюылу алдында тұр.  Бұған басты себеп - браконьерлік іс-әрекеттер.