Ұялы телефондағы WhatsApp-тың жұмысы тоқтайтыны рас па?
Ұялы телефондағы WhatsApp-тың жұмысы тоқтайтыны рас па?
фото: ашық дереккөз
2,614
оқылды
2023 жылдан бастап Apple, Samsung және Huawei компанияларының смартфондарында WhatsApp желісі болмайтын болды. Бұл жайында Gizchina.com сайты жариялады. Олардың хабарлауынша, Android және iOS операциялық жүйелерінің нұсқасы ескірген телефон иелері қосымшаға қол жеткізе алмайды. Сарапшылар қосымшаның енді 49 гаджет үлгісінде жұмыс істемейтінін айтуда. «Бұл жолы iPhone-ның екі үлгісі ғана, сондай-ақ көптеген ескі Android смартфондары қосымшаға қосыла алмайды» делінген сайт материалында. Танымал брендтер гаджеттерінің тізіміне мыналар бар: Huawei Ascend D; Huawei Ascend D1; Huawei Ascend D2; Huawei Ascend G740; Huawei Ascend Mate; Huawei Ascend P1; LG Enact; LG Lucid 2; LG Optimus (F3-F7, L2-L7, Nitro HD); Samsung Galaxy Ace 2; Samsung Galaxy Core; Samsung Galaxy S2; Samsung Galaxy S3 mini; Samsung Galaxy Trend II; Samsung Galaxy Trend Lite; Samsung Galaxy Xcover 2 ; Sony Xperia Arc S; Sony Xperia miro; Sony Xperia Neo L; iPhone 5; iPhone 5c.