Ауа райына байланысты Астана қаласының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kzIKomek қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«3 қаңтар сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауынан (желдің күшеюі, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург – Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды» делінген ресми хабарламада.