Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын тағы 3 автобус жұмысын тоқтатты
Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын тағы 3 автобус жұмысын тоқтатты
Фото: fotobus.msk.ru
452
оқылды
Астананың іргесіндегі ауылдарға қатынайтын тағы 3 автобустың жұмысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
«Сағат 13:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 316, 317, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына жүретін басқа бағдарлар жұмыс істеп жатыр» делінген ресми мәліметте.
Бүгін таңертең сағат 09:00-де қала маңына қатынайтын № 315 және 310, сағат 11.00-де №308 және 309-автобустардың қозғалысына шектеу енгізілді. Айта кетейік, Астана арқылы өтетін республикалық маңызы бар тасжолдар барлық көлік түрі үшін жабық тұр. Атап айтқанда, «Астана қаласы – Қабанбай батыр кенті – Киевка – Теміртау (37 -51 км) автожолының «Қабанбай батыр кенті – Қарағанды облысының шекарасы»; «Екатеринбург - Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі; «Астана – Ерейментау – Шідерті» (16-200 км) автожолының «Астана – Павлодар облысының шекарасы» учаскесі. Бүгін бірнеше өңірде боран соғып, қар жауып жатыр.