Азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттаған
Азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттаған
387
оқылды
Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ға, азық-түлік­ке жатпайтын тауарлар 19,4%-ға, ақылы қызметтер 14,1%-ға өсті. Мәселен, өт­кен айда азық-түлік тауар­лары – 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,3%, ақы­лы қызметтер – 0,5%-ға қымбаттаған. Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өсіп отыр. Желтоқсанда қияр – 35,6%, қыза­нақ – 14,6%, тәтті бұрыш – 8,4%, пияз – 7,9%, қызылша – 3,8% қым­баттаса, 2021 жылғы желтоқ­сан­мен салыстырғанда былтыр шақпақ қант – 92,7%, кір сабын – 87,6%-ға, кеңсе тауарлары – 70,3%-ға өскен. Азық-түлікке жат­пайтын тауарлардың ішінде желтоқсан айында техника бағасы да айтарлықтай көтерілген. Мәсе­лен, былтыр қарашамен салыс­тыр­ғанда сымсыз құлаққаптар – 7,7%, планшет – 6,3%, электрлі жы­лыт­қыштар – 6,1%, ноутбук – 3,7%-ға қымбаттады. Ыдыс жуу­ға арналған құралдардың баға­сы 4,5%, кір жуғыш ұнтақ – 4%-ға өскен. Сонымен бірге алдыңғы айда ақылы қызметтердің бағасы 0,5% өссе, туристердің медицина­лық сақтандыру қызметі – 7,3%, көлік жуу қызметі –3,8%-ға қым­бат­тады. Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары Қостанай және Жамбыл облыстарында ең көп өсті – 2,5%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар Қостанай облысында – 2,2%, ақылы қыз­мет­тер Жетісу облысында – 1,7%-ға артыпты.

Ж.АСҚАРБЕК