Декларация тапсырудың жаңа сервисі
Декларация тапсырудың жаңа сервисі
350
оқылды
Ендігі жерде декларацияны 15 шілдеге дейін – қағаз түрінде, 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыру қажет. Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. eGov порталында «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электронды түрде ұсыну функционалы іске қо­сылды.
«Салық кодексінің 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Са­лық кодекстің 630-бабының 1-тармағында атал­ған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндет­темелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсы­нылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады», – делінген хабарламада. Биыл бұл декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші ке­зеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырады.

Ж.АСҚАРБЕК