Бауыржан Байбек коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге уәде берді
Бауыржан Байбек коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге уәде берді
283
оқылды
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Таскен шағын ауданына барды. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында хабарлады. "Шымкенттің жаңа әкімімен бірге 5 жыл бұрын қалаға қосылған Таскен шағын ауданына бардым. Мұнда тұратын 2 мыңнан астам үй мен бірқатар әлеуметтік нысандар электр қуатының қайта-қайта сөніп қалуынан зиян шегіп келеді. Осы мәселені шешудің жұмыс жоспарын тұрғындармен бірге талқыладық. Қыркүйек айына дейін жергілікті монополист «Оңтүстік Жарық Транзит» 270 миллион теңгеге 39 км жаңа желі тартуды және 9 трансформатор орнатуды жоспарлап отыр. Тарифтердің ашықтығы мен коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» бастамашылық еткен «Айқын тариф» жобасының аясында біз бұл мәселені партиялық және қоғамдық бақылауда ұстаймыз.
Кездесу кезінде тұрғындар басқа да түйіткелдерді, соның ішінде шағын аудандағы жолдардың сапасына қатысты мәселелерді ортаға салды. Жергілікті биліктің айтуынша, көктемде осындағы бірнеше көшені жөндеу жұмыстары басталады", - деп жазды ол.