Мәжілістің жалпы отырысы Қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алудан басталды
Мәжілістің жалпы отырысы Қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алудан басталды
270
оқылды
Мәжіліс отырысы қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының Қаңтар оқиғасына қатысты сауалына ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың ауызша жауабы тыңдалып жатыр.
«Осыдан тура бір жыл бұрын қасіретті Қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз жандар нақақтан қаза болды. Бүгінгі жалпы отырысымызды қаңтар құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан бастауды ұсынамын», - деді Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов.
Еске сала кетсек, бүгін Парламент Мәжілісінде Қаңтар  оқиғасына қатысты Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі арнайы көрме ұйымдастырды.