Ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі биыл 7 наурызға дейін ұзартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.