Көкшетауда бір пәтерден үш әйелдің мәйіті табылды
Көкшетауда бір пәтерден үш әйелдің мәйіті табылды
Фото: kvartirniiremont.ru
Көкшетауда полицейлер пәтерден үш әйелдің мәйітін тапты. Полицияның хабарлауынша, оқиға 2 қаңтар күні болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 2 қаңтар күні сағат 04:44-те Көкшетау Полиция басқармасына үйде жылыту жүйесі жарылғаны туралы түскен хабарлама бойынша мамандар оқиға орнына барған. Пәтерде жылу құбыры жарылғанын анықтады. Апат салдарынан пәтерді ыстық су басқан. Пәтер ішінен құлыпталып қалған. ТЖД қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізген. Тексеріс барысында полицейлер 50, 56 және 59 жастағы үш әйелдің мәйітін тапқан. Олар – үй иесі мен оның екі құрбысы. Тengrinews.kz-тің дерегінше, әйелдердің өліміне күйік себеп болған. Бұл дерек соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.