Өзбекстанда аю зоопарк қызметкерін тістеп алды
Өзбекстанда аю зоопарк қызметкерін тістеп алды
752
оқылды
Әндіжан облысында аю өзін тамақтандыруға келген зоопарк қызметкерін тістеп алған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды Inform.kz. Оқиға 3 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында болған. Зоопарк қызметкері аюды тамақтандырмақ болып, оның торына кірген. Жануар оны бас салып, мойнынан тістеп алады. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қожаабат аудандық ІІБ Тергеу бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 2018 жылдың желтоқсанында дәл осы хайуанаттар бағында күзетшіге екі арыстан шабуыл жасаған болатын. Зоопарк ол кезде әлі ресми түрде ашылмаған еді.