Баян Алагөзованың әкесі қайтыс болды
Баян Алагөзованың әкесі қайтыс болды
2,963
оқылды
Танымал продюсер жақынынан айырылды. Баян Алагөзованың әкесі қайтыс болды. Бұл туралы оның құрбысы Динара Сәтжан хабарлады. Баян Мақсатқызының өзі әзірге бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірген жоқ.
– «Менің досым Баян бүгін әкесінен айырылып қалды. Иманды болсын! Адам үшін ең үлкен орны толмас қайғы. Баян Мақсатқызы әкесін қатты жақсы көретін. Мақсат аға терең ойлы, зерделі, жақсы адам еді. Кітаптар жазды. Қазақтың тарихын зерттеді. Ал балаларына тірек болды», – деп жазды Динара Сәтжан Instagram парақшасында.
Әлеуметтік желіде көптеген оқырмандар көңіл айту сөздерін жазуда. Айта кетейік, Баян Алагөзованың әкесі – Мақсат Мұхитденов. Ол дыбыс инженері болып жұмыс істеді, бүгінде 76 жаста болатын. Қазір оның қызы отбасымен Таиландта демалуда.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)