Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
366
оқылды
Қымбатты отандастар! Барша православ христиандарын Рождество ме­рекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам үміт пен қуаныш сый­лайды, жақ­сы­лыққа және әділдікке шақырады. Басқа дәстүрлі діндер секілді хрис­тиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құн­дылықтарды арқау еткен. Біздің қоғамымызда түрлі дінді ұс­танатын, дү­ние­танымы әртүрлі жан­дарға адамгершілік жолын нұс­қайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққан. Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениет­тер мен дәстүрлер әралуандығын сақ­тауға ықпал етіп келеді. Халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақ­тылығымызды ны­ғай­тып, еліміздің өсіп-өркен­деуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, то­лағай табыс тілей­мін! Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін!