Тасжолдардың 23 учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді.
"Ақмола, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қар көп түсуіне, боран соғуына, жол көрінбеуіне байланысты республикалық тасжолдар жабылды", – деді компания өкілі.
Ақмола облысында жеті учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген. Жетісу облысында екі учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді: "Алматы-Өскемен" 557-615 шақырым, Үшарал қаласы-Абай облысының шекарасы.
Жүк және қоғамдық көлік үшін мына жолда шектеу енгізілген: 5 қаңтар сағат 06.00-ден бастап "Сарыөзек-Көктал" 45-68 шақырым, (Алтын Емел).