Әскери бөлімшедегі қару ұрлығы: Абылай Балғынбайдың сыбайластары ұсталды
Әскери бөлімшедегі қару ұрлығы: Абылай Балғынбайдың сыбайластары ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
308
оқылды
Түркістан облысында әскери бөлімнен бірнеше қару ұрлаған әскери қызметші Абылай Балғынбайдың екі сыбайласы ұсталды, – деп хабарлады Polisia.kz. Дереккөздің мәліметінше, Түркістан облысының әскери бөлімінен қару алып кеткен әскери қызметші Абылай Балғынбайды және оның екі сыбайласы – азаматтық тұлғаларды ҚР Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жедел-тергеу тобы ұстады.
«Тінту кезінде олардан ұрланған қару тәркіленді. Тергеу сотының санкциясымен ұсталғандар қамауға алынды. Сонымен қатар, жекелеген лауазымды адамдардың, оның ішінде әскери бөлім басшылығының қызметтік міндеттерге немқұрайды қарағаны үшін жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылуда. Тергеу жалғасуда» делінген мәліметте.
  [caption id="attachment_23522" align="alignnone" width="800"] width= Фото: Дереккөзден алынды[/caption] Айта кетейік, 20 ақпан күні Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А.Балғынбай  кезекшілікті тастап кетіп, қару-жарақ ұрлағанын хабарлаған болатынбыз.