Қорғаныс министрлігінің өкілдері Шымкентте сарбаз бен оның бауырының неден қайтыс болғанын айтты.
«Сарбаз бен оның бауыры газдан уланған, бауыры Шымкентте сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Осыған дейін БАҚ-тарда екі сарбаздың қайтыс болғаны туралы хабарланды, ол – қате мәлімет» делінген ресми мәліметте.
Айта кетер жайт, осыған дейін «Шымкентте екі сарбаз қайтыс болғаны жайлы хабарлаған болатын.
Бірақ министрлік: «Қайтыс болғандардың бірі – офицер, шені – аға лейтенант. Оның бауыры – әскери қызметкер емес. Олар осы жалдамалы пәтерде бірге тұрған. Қайғылы оқиға қызметтен тыс уақытта болған», – деді.
Қорғаныс министрлігі қайтыс болған ағайындылардың отбасына көңіл айтады.