СҚО-да демалыс күні болған жол апатынан 2 адам көз жұмды
СҚО-да демалыс күні болған жол апатынан 2 адам көз жұмды
Фото: autoassa.ru
363
оқылды
СҚО-да демалыс күндері 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер бар, –  деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
«Өткен демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 3 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам түрлі жарақат алды. 7 қаңтарда Мамлютка қаласының маңында Мамлютка – Қостанай автожолында Nissan Murano, Audi A6 және Toyota Avensis автокөліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан Toyota Avensis автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен оның 17 жастағы жолаушысы қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасының тағы сегіз қатысушысы, яғни Audi A6 және Toyota Avensis автокөліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары, олардың арасындағы 8 жастағы бала медициналық көмек көрсету үшін түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді», – делінген хабарламада. Жол-көлік оқиғасы фактісі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жинап жатыр. Сондай-ақ 8 қаңтарда сағат 15.00 шамасында Астана – Петропавл автожолының 427-шақырымында Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының маңында Volkswagen Golf пен Mercedes-Benz автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті: Mercedes-Benz автокөлігінің 30 жастағы әйел жүргізушісі мен оның 34 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.