19 мың шетелдік еңбек етуде
19 мың шетелдік еңбек етуде
5,292
оқылды
2020 жылғы 1 ақпандағы есеп бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аума­ғында 19 137 шетелдік азамат еңбек етуде. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың ішінде бірінші са­нат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) 753 адам (4%), екінші санат б­о­йын­ша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 364 (23%), үшін­ші санат бойынша (ма­мандар) – 9 613 (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмыс­шылар) – 1 749 (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпо­ративтік ауыстыру шеңберінде 1 732 адам (9%) тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тарт­қан жұмыс берушілердің саны – 2 021, оларда 479 342 қазақ­стан­дық азамат жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы саны­ның 96%-ын құ­райды. Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%) жұмыс істейді. Тау-кен өнер­кәсібінде 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), кәсіби, ғылыми және тех­ни­калық қызметте 1 397 шетел­дік (7%) жұмыс істейді. Еңбекші мигранттардың негізгі шығу елдері: Қытай – 5 266 адам (28%), Түркия – 1 935 (10%), Үндістан – 1 896 (10%), Ұлы­британия – 1 434 (8%), Өз­бекстан – 965 (5%). Айта кетейік, ішкі еңбек на­рығын қорғау мақсатында Қа­зақ­стан Үкіметі жыл сайын рес­пуб­ликаға шетелдік маман­дарды тарту квотасын белгілейді. 2020 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты 0,32% немесе 29,3 мың бірлік мөлшерінде бекітілді.