Үйінің екінші қабатында көкнәр өсірген Алматы облысының тұрғыны тұтқындалды (видео)
Үйінің екінші қабатында көкнәр өсірген Алматы облысының тұрғыны тұтқындалды (видео)
Фото: Дереккөзден алынды
471
оқылды
Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі даярлап, таратумен айналысқанын анықтады. Жедел-іздестіру кезінде сараптама актілерімен белгіленген марихуана бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді.   https://youtu.be/89X1Wbm7-4o Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов: «Санкцияланған тінту кезінде Іле ауданының 47 жастағы азаматының үйінің екінші қабатынан көкнәр өсіріп, марихуана дайындап, тарататын зертхана табылды. Үйдің екінші қабаты микроклимат құру мақсатында күн батареяларының көмегімен қосымша жылытылған. Тінту барысында салмағы 26 келіге жуық 47 бұта, 295 орама және салмағы 8,5 келі дайын екі қап марихуана табылды және тәркіленді. Есірткі өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәсін мойындаған күдікті уақытша қамауға алынды», – деп хабарлайды.