Қиын жағдайға тап болған отбасы «АМАNАТ» партиясы Теміртау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек сұрайды.
Бұл өтінішті «АМАНАТ» партиясы Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат хатшысы, партия фракциясының депутаттары қарады да шешім шығарды.
«10 күн ішінде 5-6 ай мерзімге жалдап отырған тұрғын үйдің пәтерақысын төлеуге қаражат жинап бердік. Сонымен қатар азық-түлік себетіне деген арнайы сертификат тапсырылды. Өртенген үй аумағынан күйіп қалған заттарды шығаруға және зақымданған жерлерін бұзуға көмектестік», – дейді «АМАNАТ» партиясы Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Ажиков.
Қарағанды облысы