
Австралиялық университеттер ChatGPT-ке қарсылық білдіруде. Студенттер OpenAI жасаған чат-ботты жазба жұмысын жазу үшін пайдалана алады.Чат-бот өткен жылы іске қосылды, бірақ бірден Нью-Йорк мемлекеттік мектептерінде пайдалануға тыйым салынды және киберқауіпсіздік сарапшылары оны хакерлер үшін қолайлы құрал деп санайды. Бұл жасақтама туралы Aikyn.kz бұрынырақ жазған болатын. [caption id="attachment_235585" align="aligncenter" width="1800"]

Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің профессоры Тоби Уолша «мәтіндік генераторлармен күресу әдістері ұстаздардың жиынында талқыланғанын, олар студенттер жазған эсселерді қалай тексеру қажеттігін пысықтағанын» айтқан.[caption id="attachment_235586" align="aligncenter" width="1800"]

Жоғары оқу орындарының өкілдері жаңа ChatGPT құралын мәтін жазу үшін қолдану «академиялық адалдыққа нұқсан келтіреді және барлық оқу орындары үшін күрделі мәселе» деп мәлімдеді.ChatGPT – көлемі жүздеген гигабайттан бірнеше терабайтқа дейін жететін үлкен көлемдегі мәтіндер мен деректерді қолданып, өзін-өзі дамытатын алгоритммен жұмыс істейтін жүйе. Ол сұрақтарға нанымды және дәйекті жауаптар береді, сөздер тізбегі бойынша қисынды тіркестер таба алады.