Каспийдің тартылу себебі айтылды
Каспийдің тартылу себебі айтылды
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Каспий теңізі суының тар­тылуының басты себебі планетаның бүкіл солтүс­тік жарты шарында кли­маттың жылынуы екенін айтып отыр.
«2006-2020 жылдар аралы­ғында Каспий теңізінің су айды­нына жауын-шашын аз түсті, ал булану процестері анағұрлым қар­қынды болды, сонымен қатар Еділ өзенінің бассейніндегі суы аз жылдарға байланысты орташа су ағыны да аз болды», – делінген министрлік хабарламасында.
Аталған проблемаларды шешу мақсатында трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істеп келеді. Сонымен бір­ге Қазақстан мен Ресей Феде­ра­циясы арасындағы барлық транс­шекаралық өзендер бойынша, оның ішінде Жайық (Орал) өзені бассейні бойынша жұмыс топтары құрылған.
«Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыс­тарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары шеңберінде Жайық-Каспий бас­сейніндегі су шаруашылығы жағ­дайын жақсарту бойынша ша­ралар қабылданып жатыр. Осы кезеңде өткізілген іс-шараларға 98 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Айта кетейік, Ресей та­рапы да осындай шаралар қабыл­дап жатыр», – деді министрлік өкілдері.