Жуырда шетелдік көліктерді заңдастыру басталады
Жуырда шетелдік көліктерді заңдастыру басталады
Фото: ru.sputnik.kz
720
оқылды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автокөліктерді заңдастыру таяуда басталатынын айтты. Оның айтуынша, биыл 23 қаңтар, дүйсенбіден бастап біз шетелдік автокөліктерді заңдастыруға болады. Заңдастырылатын көліктердің иелері утилизациялық алымды төлемейді.
«Заңдастыру үшін утилизациялық алым талап етпейді. Көлік иелері 200 000 теңге бірреттік төлем төлейді. Көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген болуы керек. Ұрланған, іздеуде болмауы тиіс.  Өзге мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Кедендік тексеруден өтуі керек», – деді Игорь Лепеха.
Айта кетейік, бүгіннен бастап шетелдік көлікті сақтандыруға тыйым салынды.