Ломбардқа алданғандарға «Ақшаларыңды қайтармаймын!» деген күдіктінің видеосы тексерілді - ІІМ
Ломбардқа алданғандарға «Ақшаларыңды қайтармаймын!» деген күдіктінің видеосы тексерілді - ІІМ
Фото: Интернеттен алынды
431
оқылды
Әлеуметтік желіде Қазақстандағы ломбардтардың бірін басқарамын деген ер адамның видеосы тарап жатыр, – деп жазады Tengrinews.kz. Видеодағы ер адамның айтуынша, бұл жағдайда ол елден кетуге мәжбүр болған.
«Ломбардтарды жауып жатыр деген көп қауесет тарап жатқан соң елден кетуге тура келді, органдарда, жоғары жақта өз адамдарым бар. Мен елден неге кеттім? Мені қамап тастаса, сіздерге ақшаны қайтара алмай қаламын. Қамағаны қорқынышты емес. Сіздерге ақшаларыңызды қайтара алмай қалуым қорқынышты. Жұрт айтып жатқандай қашып кеткен болсам, мына видеоны түсірмес те едім. Сіздермен әрдайым байланысты болдым, тіпті қалаларға барып кездестім. Қазіргі уақытта бақылап отырмын. Менің қызметкерлерім - жалдамалы жұмысшылар. Олар да сіздер секілді нанға ақша тапқысы келді. Олардың кінәсі жоқ. Оларды ұстап, қамап тастаса, сіздердің жағдайы қиындайды», – дейді ол.
Ал ІІМ өкілдері видеоны тексерді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ер адам «Гарант 24 Ломбард» ЖШС құрған  – 1993 жылғы Мурзабеков Аслан Пазылжанович. Мурзабековке де, басқа күдіктілерге де халықаралық іздеу жарияланған.