Астана қаласының прокуратурасы елорданың білім беру ұйымдарындағы заңдылықтың жай-күйін талдау барысында мұғалімдердің жалған дипломдарды пайдалану фактісін анықтады.
Атап айтқанда, жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға сабақ берген.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігімен, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Мұғалімдердің педагогикалық қызметі тоқтатылды.