Астанада жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдерді тергеу басталды
Астанада жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдерді тергеу басталды
Фото: tengrinews.kz
6,303
оқылды
Астана қаласының прокуратурасы елорданың білім беру ұйымдарындағы заңдылықтың жай-күйін талдау барысында мұғалімдердің жалған дипломдарды пайдалану фактісін анықтады. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға сабақ берген. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігімен, яғни көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Мұғалімдердің педагогикалық қызметі тоқтатылды.