Сары нөмірлі көліктерді Армения тіркеуінен қашықтан шығарудың жолдары қарастырылып жатыр – ІІМ
Сары нөмірлі көліктерді Армения тіркеуінен қашықтан шығарудың жолдары қарастырылып жатыр – ІІМ
1,603
оқылды

Армениядан әкелінген, уақытша есепке қойылған және сары мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алған көлік құралдарын заңдастыру жан-жақты жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев айтты.

– «Армения Республикасынан әкелінген, уақытша есепке қойылған және сары мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алған көлік құралдарын заңдастыру жан-жақты жүргізілуде. Соның нәтижесінде ақ мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін алу мүмкіндіктері бар. Ішкі істер министрлігі Армения Республикасындағы әріптестерімен бірлесіп осы мәселені қашықтықтан шешу және көліктерді ол жердегі есептен шығаруды пысықтап жатыр», – дейді аға инспектор.