Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, өткен жылы 35 мың бозбала әскер қатарына қосылған.
Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың айтуынша, 2022 жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қатарын толықтырды. Қазір олар әскери істің қыр-сырын үйреніп, Отан алдында борышын лайықты атқарып жүр.
Айта кетерлігі, әскери борышын өтегендер енді жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Қазақстандағы 50-ге жуық университет мерзімді әскери қызметін атқарғандардың ҰБТ нәтижесінсіз, өз есебінен оқытуға ниет білдірді.