Екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылады. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп көшесі, 124 үйге қарай орамішілік жылу желісін ажыратады.
– «Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі» делінген компания хабарламасында.Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетілгенін айтады.