Жоспары жүзеге аспады
Жоспары жүзеге аспады
466
оқылды
Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі әскери-тер­геу органдары тарапынан әскери қызметкер­лер­дің заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауына ба­ғыт­­тал­ған іс-шара жеткілікті. Дегенмен  ІІМ Оңтүс­­­тік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Тараз бөлі­мінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шара­ларын жүргізу барысында облыс аймағын­да­ғы әскери мен әскериленген құрылымдардың қыз­­­мет­керлерімен жасалған қылмыстық құқықбұзу­­­шы­лық­тар анықталып, жан-жақты тергеп-тек­­серу жұмы­сы жүргізіліп, кінәлі тұлғаларды қыл­­мыстық жауап­кершілікке тарту  үздіксіз атқарылуда. Мысалы, 2018 жылдың нау­­рыз айында Қорғаныс ми­­нистр­лігі №85 393 әскери бө­­лімінің материалдық тех­ни­­камен қамтамасыз ету ро­та­сының командирі, капи­тан М.Түктібай мен оның қыл­­­мыстық сыбайласы №85 395 әскери бөлімінің са­ни­­­­тар-нұсқаушысы А.Жа­ңа­­бектің меншікке қар­сы жә­не мемлекеттік қыз­­мет пен мем­ле­кеттік бас­қару мүд­­делеріне қарсы сыбай­лас жем­қорлық санатындағы ауыр қылмыстық құқықбұзу­шы­лықтарды жа­­сағаны анықталған. Яғни, 2018 жыл­дың жаз айла­рын­да М.Тү­ктібай мен А.Жа­ңа­бек екеуі келісімшарт бо­йын­­ша әс­кери қызметке ор­­на­­­лас­ты­руға құзырларының жоқ екенін біле тұра, алаяқтық жол­мен бөтеннің мүлкін ием­­­­денуге бағытталған қыл­мыс­­тық ой туындап, аталған қыл­­­мыстық жоспарын жү­зе­ге асы­ру мақ­сатында А.Жа­ңа­бек азаматша Т. есімді жә­бір­­­ленушінің баласын келі­сім­­шарт бойынша әскери қыз­­­метке орналастыруға ние­тін біліп, оған баласын жұ­­мыс­­қа орналастыруды әс­ке­ри қыз­мет­тегі өзінің та­нысы М.Түк­тібай арқылы мәселені шеше алатынын жеткізген. Т. есімді жәбірлену­ші өзінің әс­керден келген ұлын келі­сім­­­шарт бойынша әскери қыз­мет­ке А.Жаңабек пен оның та­нысы М.Түктібай екеуінің орна­ластыру мүмкіндігінің бар екеніне толық сеніп, қуан­­ған. Алайда А.Жаңабек Т. есім­ді жә­бірленушіге баласын жұ­­­­мысқа орналастыру үшін нақты қазір 200 000 теңге бе­руі қажет екенін, кейінірек тағы 180 000 теңге ұсынуы ке­ре­гін М.Түктібай айтты деп жет­кі­зіп, ол ақшаны жо­ға­ры­дағы бас­­шыларға беру үшін және сол соманы ұсын­ған жағ­дай­да баласының келі­сім­шарт бойынша әскери қыз­метке міндетті түрде орна­ласа­тынын айтып, алдауын жалғастырған. Бұған толықтай сенген Т. есімді жәбірленуші өзінің әскерден жаңадан келген баласын ке­лі­сімшарт бойынша әскери қызметке орналастыру үшін банктен несие рәсімдеп, өзінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп, көрсетілген соманы толықтырып, А.Жаңабек пен М.Түктібайға береді. Алай­да ка­питан М.Түктібай мен А.Жаңа­бек Т. есімді жәбір­ле­ну­шінің ақшасын алаяқ­тық жолмен иемденуге бағытталған қылмыстық ойларын аяғына дейін жеткізгеннен кейін, Т. есімді жәбірленушіге бала­сы­ның әскери қызметке орна­­ла­су уақытын «ертең», «жа­қын қалды», «келесі апта» де­ген сылтаумен бір жыл бойы со­зып келген. – Ішкі істер министрлігі Оң­түстік өңірлік әскери-тер­геу басқармасы Тараз бөлімінің қыз­меткерлерімен аталған де­рек өткен жылдың наурыз айын­да анықталып, жасырын тер­геу әрекеттерін атқару ба­ры­­сында фигуранттар жоға­ры­да көрсетілген соманың 100 000 теңгесін қайтарып беру барысында құрықталды. Атал­ған деректер бойынша Қыл­мыс­тық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 1) және 3) тар­мақ­тары яғни «бөтеннің мүлкін ал­дау не­месе сенімді теріс пай­далану жо­лымен бөтеннің мүл­кін ием­­денуді, адамдар тобы­ның алдын ала сөз бай­ласуы­­мен, өзінің қызмет ба­бын пай­­­далана отырып жасау» жә­не 367-бабы 3-бөлігі 1) тар­­­­мағы яғни «мемлекеттік фун­к­цияларды орындауға уә­­кі­­леттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға не­месе жауапты мемлекеттік ла­уа­зымды атқаратын адам­ға не ла­уазымды адамға айтар­лық­тай мөлшерде пара беруге, басқа адамды азғыру немесе басқа да тәсілмен қылмыстық құқық­бұзушылық жасауға көн­діріп, айдап салуды, адам­дар тобының алдын ала сөз бай­­ласуымен жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көр­­се­тілген қылмыстық іс бо­йын­­­ша шұғыл түрде жедел-із­дестіру шаралары және жан-жақты, объективті тергеп-тек­серу әре­кеті жүргізіліп, М.Түктібай мен А.Жаңабектің көрсетілген қыл­­­мыстық құқық­бұзу­шы­­лық­тарды жасағаны дәлел­ден­ген. Соңғылардың іс-әре­кеттері ҚК-нің көрсетілген бап­­тары бойынша сараланып, қылмыстық іс құжаттары сот­қа жолданған. Сот үкімімен со­ң­ғылар кінәлі ретінде та­ны­­­­лып, тиісті қылмыстық жа­уап­­кершілікке тартылды. Жо­ға­рыда көрсетілген дерек­тер бойынша Қорғаныс министр­лігі «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шы­лығына Қылмыстық про­­­­­­­цессуалдық кодексінің 200-ба­бының талаптарына сәй­кес «қылмыстық құқық­бұ­зу­­­шылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жа­сау­­ға ықпал еткен мән-жай­­ларды жою жөнінде» ұсы­ныс жол­да­нып, оның негізін­де жа­уапты ла­уа­зымды қызмет­ке­р­­­­­лер қа­таң тәртіптік жа­уап­­­кер­­ші­лік­тер­ге тартылды, – дей­ді Іш­кі істер министрлігі Оңтүс­тік өңір­­­лік әскери-тергеу бас­қар­­­ма­сы Тараз бөлімінің бас­шысы, под­­­полковник Дос­жан Ма­мыр­баев.   Асылы ӘДІЛ, Тараз қаласы