Бір тәулікте коронавирус 56 адамнан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
16 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 2 159 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 011, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделіп жатыр. Оның ішінде, 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
– 8 адамның жағдайы ауыр,
– 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
– 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Жалпы, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 1 404 991 адам коронавирусқа шалдықты. Аурудан 13 843 адам қайтыс болды. Пневмонияға шалдыққан 90 645 адамның 5406-сы көз жұмды.