Табиғи газбен қамтылды
Табиғи газбен қамтылды
379
оқылды
Бүгінде Түркістан облы­сында өңір тұр­ғын­дары­ның 56,7 пайызы та­биғи газбен қамтылған. Жал­пы, аймақты газбен то­лық қамту 2026 жылға дейін жос­парланған. Ал өңір­­ді ауыз­сумен қамту дең­­гейі 80 пайызды құрап, 671 елді мекен таза ауыз­су пай­­далануда. Бұл тура­лы Өңір­лік коммуни­ка­циялар қыз­метінде өткен бри­финг­­­те облыстық Энер­­ге­ти­ка және тұрғын үй-ком­­му­нал­­­дық шаруа­шы­­лық бас­қар­­масының бас­шысы Иго­рь Алексеев мә­лім­деді. Жиында басқарма басшысы Түркістан облысында өткен жыл­дың қорытындысы бойын­ша өңірде 1,1 млн халық, яғ­ни тұрғындардың 56,7 пайызы таби­ғи газбен қамтылғанын жет­­­кіз­ді. Сондай-ақ 2020 жылы 25 ны­сан­ның құрылыс жұмысын жүр­гізу жоспарлануда. Об­лыс бойынша 21 нысанның құ­ры­лысы аяқталып, 154 мың тұр­ғын табиғи газбен қамтылады. Оның айтуынша, осы жылы облыс бойынша жалпы 423 елді мекен немесе 1,2 млн халық /64,4 %/ та­биғи газбен қамтамасыз еті­ле­­тін болады. «Облыс орталығы Түркістан қа­ласының тұрғындары биыл 50 пайыз газбен қамтылса, 2021 жылы толық барлық үйлер мен ғи­мараттарға көгілдір отын кі­ретін болады. Облыс әкім­ді­гімен «Түркістан облысын газ­бен қамтамасыз етудің іс-шара жос­па­ры» бекітілген. Жос­парға сәй­кес, 2026 жылға дейін облыс елді ме­кендерін 100 пайыз газбен қам­тамасыз ету жоспарлануда», – деді басқарма басшысы. 2019 жылы электрмен қам­та­ма­сыз ету саласы бойынша жыл­дың қорытындысымен облыста 10 мың халық тұратын 4 елді ме­кен­де құрылыс жұмыстары аяқ­та­лып, пайдалануға тапсы­рыл­ды. Ал ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры мүлдем жоқ 40 мың халық тұратын 43 ел­ді мекенге жаңа ауызсу құбыры са­лы­нып, 12 елді мекеннің то­зы­­ғы жеткен ауызсу жүйелері жа­ңартылды. Нәтижесінде, ауыз­су­мен қамту деңгейі 80 пайызды құ­рап, 671 елді мекен таза су ішіп отыр.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы