Ұлттық аза тұту күні мектепте дискотека жасады
Ұлттық аза тұту күні мектепте дискотека жасады
281
оқылды
Тараз қаласының  білім са­ла­­сынан  тағы шу шықты. Бұл жолы №43 мектептің ұс­та­зы Күнсұлу Бөрінбекова Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнежазба  жол­дап, білім ордасы дирек­торы­ның  заңсыз жұмыстан шығар­ға­нын  айтып, көмек беруін сұ­ра­ды. Бейнежазбада аталған мек­теп­те 29 жыл ұстаздық еткен Күн­сұлу Ташкенбайқызы мектеп дирек­то­рының қудалағанын мәлімдеп қана қоймай, біраз былықтың бе­тін ашып отыр. «Мектеп директоры Эльмира Өмір­­бекованы 2017-2018 оқу жы­лын­да бізге басшы қылып әкелді. Сол уақыттан бері мектепте ақша жинау, ұстаздарды қызметтен қуу сияқты әңгімелер бір басылмауда. Оның шегі ағымдағы жылдың 15 ақ­­панында көрініс тапты. Мұға­лім­­дерді жинап алған мектеп бас­шысы бірқатар ұстазға сөгіс беріп, маған да қызметіме толық сай емес деген жаза тағайындады. Алайда оның себебін сұрап едім, толыққанды түсіндірмеді. Ал жа­ңа­­­жылдық шыршаға жиналған ақ­шаның қайда кеткенін сұрап едім, «сені «статьямен» жұмыстан шы­ғарамын, 15 ақпаннан бастап жұ­мысқа келмей-ақ қойсаң бола­ды» деді. Содан 17 ақпан күні жұ­­­­мысқа келсем, менің сыртым­нан екі ескерту беріп, жұмыстан шы­­­ғарып жіберіпті. Және бұйрық 30.01.2020 жылғы күнмен, яғни арт­қа шегеріліп шығарылған. Бұл күні мектеп директоры бұйрық шығар­­м­ақ түгілі, жұмыс орнында болмағанын жақсы білемін. Бұдан бөлек, өткен жылы жел­­­­тоқсан айында Президент жал­­­пы­­ұлттық аза тұту күнін жа­рия­­­ла­ғанда, біздің мектеп ди­рек­­торы оқу­шылар арасында 200 тең­геден ақы­лы дискотека ұйым­дас­тырды. Сон­дай-ақ ай сайын ақша жи­нау, об­лыстық, қалалық білім бөлім­де­рі­нен адам­­дар келе жатса 1 000-2 000 теңгеден жинау, еңбек не­месе бала күтімімен демалысқа шық­қандардан 50-100 мың тең­ге­ден алу сияқты заңсыз әрекет­те­ріне шек жоқ. Енді мені «статьямен» жұмыстан қуып отыр. Сондықтан құрметті Президент сізден көмек бе­руіңізді сұраймын» делінген бейне­жазбада. Бұл жайтқа қатысты мектеп бас­шылығы өз уәжін айтып отыр. Мектеп директоры Эльмира Өмір­­бекованың сөзіне сүйенсек, ұстаз Күнсұлу Бөрінбекова өзіне тие­сілі мін­деттерді жауапкер­ші­лік­­пен ат­қармапты. Сондықтан мектеп бас­шылығы оған ескерту жасап, одан сабақ алмағаннан кейін ар­найы баппен қызметтен бо­сат­қан. «Мен Күнсұлу Бөрін­беко­ва­ның бейнежазбада айтқанымен толықтай келіспеймін. Ол кісіні қыз­­метін лайықты атқара алма­ған­­дық­тан жұмыстан боса­тып отыр­мын», – дейді мектеп бас­шысы. «Жел тұрмаса шөптің басы қи­мыл­дамайтыны» белгілі. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев­тың тапсырмасымен мектеп мұ­ға­лімінің Мемлекет басшысына жол­даған өтінішіне байланысты ар­найы комиссия құрылды. Тексе­ру тобы алдағы уақытта арыз­дың қаншалықты дәлелді екенін зерт­темек. Осы тұста бір еске сала кетер­лігі, мектеп директоры Эльмира Өмір­бекова қалалық №25 мектеп­ке басшылық еткенде де артынан осын­­дай арыз еріп, соңы айқай-шуға ұласқан болатын.    width=Саятхан САТЫЛҒАН

Жамбыл облысы